Қазақстанда қан донорына төленетін өтемақы өседі

informburo.kz
informburo.kz
Қазақстанда әрбір мың адамның тек 13-14-і ғана қан өткізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрлігі қан донорларын ынталандыру мақсатында оларға төленетін өтемақы мөлшерін бірден бес есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізуді көздейтін құжат жобасында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қан донорларына берілуі тиіс тегін тамақтың ақшалай баламасы ретінде төленетін өтемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,25 бөлігін (2023 жылы – 862,5 теңге) құрайды. Енді бұл көрсеткішті бес есе, атап айтқанда айлық есептік көрсеткіштің 1,25 мөлшеріне дейін арттыру жоспарланып отыр. Сәйкесінше, бұйрық күшіне енгеннен кейін биылғы өтемақы сомасы 4312,5 теңгені құрайтын болады. 

Бұл – биылғы көрсеткіш. Төлем сомасы әр жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда қан донорларының белсенділігі өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Жыл сайын 1000 адамға шаққанда тек 13-14 адам ғана қан тапсырады. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 60 адамды құраса, Еуропа елдерінде 40 шамасында. 

"Донорларды қан тапсыруға ынталандырудың маңызды нысандарының бірі – ақшалай өтемақы. Қазақ тамақтану академиясының ұсынымдарына сәйкес, донорлар қан тапсырған күні тамақ рационын алуы тиіс, оның азық-түлік жиынтығы шамамен 4790 ккал алуға мүмкіндік береді. 2021 жылы азық-түлік бағасын зерделеу кезінде алынған деректер бойынша көрсетілген килокалория көлемі 4350 теңге (шамамен 1,26 АЕК) шығындармен қамтамасыз етіледі", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін. 

Новости партнеров