Өскеменнің №2 соты істі Қылмыстық кодекстің 322-бабы бойынша қараған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Сотмәлі метінше, косметологиялық қызмет көрсететін К. есімді азамат клиенттердің біріне блефаропластика (қабақтың артық терісін кесіп алу) процедурасын жасаған кезде А. есімді танысын көмекші бол деп шақырған.
Операциядан кейін К. пациентке инъекция жасауды өтінген, себебі бетінде ісік пайда болған.
«Медициналық қызметке лицензиясы жоқ А. пациентке үлгі ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон дәрісін бұлшықетіне еккен. Екпеден кейін науқастың жағдайы нашарлады», - деп хабарлады Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем әйелді облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізген, алайда пациент сол жерде көз жұмған.
YK-news.kz хабарлағандай, сот А.-ны 3 жыл ішінде медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2,5 жылға бас бостандығын шектеген. Үкім әлі күшіне енген жоқ.