|
03.06.2021 | 12:38
7095

Невропатолог аутизмі бар балалардың ерекшелігі туралы айтты

Маман мұндай диагнозы балалардың ойнауы да өзгеше екенін айтты

Невропатолог аутизмі бар балалардың ерекшелігі туралы айтты Фото: "Болашақ" корпоратив қоры

№36 Қалалық емхананың балалар невропатолог-дәрігері Күлназ Әлімбек балалардағы аутизмге назар аударатын белгілер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күлназ Әлімбектің айтуынша, аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Тәртіп бойынша диагноз аутистік спектрдің бұзылуына сәйкестенген бағалау құралдары мен скринингтен тұратын сыртартқының комбинациясының, бақылау немесе формальды тестілеу көмегімен анықталды.

«Аутизмнің бастапқы белгілері бала өмірге келген соң алғашқы екі жыл ішінде байқалады. Әсіресе, аутизм ашық түрде 3-5 жаста білінеді және қорқыныш-үреймен, агрессиямен көрінеді. Ерте жасында жақын ересек адамға қатысы бойынша бірнеше реакцияда көрінеді: бұл адамдармен эмоционалдық қатынастың болмауы, балалар анасының қасында отырғанына көңіл бөлмеуі, оған бармауы. Сондай-ақ, адамға көңіл бөлу, күлімсіреу сияқты жауапты реакцияның болмауы да ата-аналарды ойландыруы керек», – деді ол.

Маман мұндай диагнозы балалардың ойнауы өзгеше екенін, ойыншықтарды елемейтінін айтады.

Сонымен қатар, жасы үлкен балаларда бақыланатын симбиотикалық қарым-қатынастың бірнеше түрі бар: бала анасыз қалудан бас тартады, ол жоқ кезде үрейленеді, бірақ бала анасына мейірімділік, сүйіспеншілік сияқты сезімдерін білдіре алмайды. Мектеп жасына дейінгі балаларда аутизмнің негізгі компонеттері болып «өзімен қалу», яғни, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауының айтарлықтай төмендейді немесе мүлдем болмайды, өзінің ішкі дүниесіне батып кетеді. Бала өзінің ішкі дүниесінде не болып жатқанын айтпайды, көбінесе әңгіме айтпай, берілген сұрақтарға жауап берудің орнына үндемейді. Аутист бала көзін бір жерге тоқтатпайды, әсіресе қарама-қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет-әлпетіне, тіке көзіне тура қарамайды. Көбінесе аутист бала жанындағы адамға немқұрайлы қарайды: көтер деп сұранбайды, көбінесе өз төсегінде немесе манежде, каляскада отыра беруді жөн көреді. Өзіне ыңғайлы отырыс іздемейді. Аутист бала өзінің жақындарын таниды, бірақ ұзақ эмоционалды да іс-әрекет білдірмейді. Еркелетуге аутист бала әр түрлі қарайды, кейде немқұрайлы немесе жақтырмай, кейде ұнатса да тез жалығады. Мысалы, тамақ ішу уақыты бұзылса көтермейді немесе немқұрайлық білдіреді. Немқұрайлық ойындар да пайда болады, бір іс-әрекетті неше рет қайталап, мәнсіз ойнайды. Мысалы: бос шөлмекті айналдырады, саусақтар арасынан жіпті өткізеді. Ойыншықтармен ойнаса да, мәнсіз ойнайды аутизммен ауыратын балалар бір ыдыстан бір ыдысқа суды құйғанды, құм құйылатын заттармен ойнағанды ұнатады, бірақ ойындары мәнсіз, құммен ойнағанда оны төгіп отырады, еш нәрсе жасамайды.

Дәрігер жоғарыда айтылған белгілер балаңызда байқалғанда, мамандарға барып тексерілуі керектігін айтты.    


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир