Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді
Алатау ауданындағы «Саялы» және «Карасу» шағынаудандарында жоспарлы қуаты бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қарасу шағынауданындағы ОДА-ның аяқталу мерзімі қазан айына және «Саялыда» жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді қала басшысы.