Алматыда 67 медициналық ұйым жоспарлы емдеу жұмыстарын бастайды

13.08.2020 17:31

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 1 тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, деңгейдегі көп бейінді ауруханалар, COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып жүргізе бастады.

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында танысуға болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.

«2020 жылдың 10 тамызына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша елімізде медициналық сақтандыру қорының 626 медициналық ұйымы жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік – гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді», – деді филиал басшысы.

Айта кетсек, 67 медициналық ұйымның ішінде жеке клиникалардың саны айтарлықтай жеткілікті. Жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында танысуға болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.

«Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін. Мысалы, бірінші тоқсанда жоспарлы емдеуге жатқызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80% - ға өсті. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда мамандандырылған медициналық көмек 15% – ға, медициналық оңалту 35% - ға ұлғайды. Қор өз тарапынан қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізеді», – деді Тілеухан Әбілдаев.