|
19.03.2019 | 12:37
5638

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан 3 баланың анасы дертінен құлан-таза айықты

Алматылық Айнұр Сүлейменованың бір жылдан астам уақыт бойы сүт безінің қатерлі дерті ауруына шалдыққаны жайлы өткен айда мәлімдеген еді

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан 3 баланың анасы дертінен құлан-таза айықты Фото Айнұр Сүлейменованың жеке мұрағатынан алынды

Алматылық Айнұр Сүлейменованың бір жылдан астам уақыт бойы сүт безінің қатерлі дерті ауруына шалдыққаны жайлы өткен айда мәлімдеген еді. Бүгін үш баланың анасы көпшілікке аурудан құлан-таза айыққанын айтып, қуанышты хабарды жеткізді, деп хабарлайды Nur.kz.

Айнұр қуанышты хабарын алдымен желідегі оқырмандарына жеткізген екен. Біраз уақыт бойы ПЭТ (ред. екі жақты эмиссионды томография) нәтижесін күткен үш баланың анасы, бойынан жаман аурудың клеткалары табылмағанына қатты қуаныштымын дейді.

«Алла ұлық, тілеген барлық-дұға тілектер періштенің құлағына шалынды. ПЭТ нәтижелерін күтіп, бүгін баршаңызбен ақжолтай хабарыммен бөліскім келіп отыр. Көпшілік нәтижеге сенбе, тағы да бір рет ағзаны тексеріп көр деп жатыр. Бірақ осы нәтижені қанағат тұтып, аурудан құлан-таза айыққаныма сенгім келеді және солай екеніне сенімдімін де.

Шетелге шықпай-ақ, өз дәрігерлерімізге сеніп, осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмын. Әрине, анализ тапсырғанда, кезек күтіп, біз сияқты науқастармен әбігерге түсінетіні рас. Бірақ меніңше бізде осындай қымбат аппараттар санын көбейту керек, сонда кезек мәселесі де өз шешімін табуы тиіс», – дейді жас ана.

Бүгінде Айнұр Сүлейменова ондаған химиялық терапиядан денсаулығын қалпына келтірсем дейді.

«Көз тиеді деп мұндай жаңалықпен бөліспей отыра алмадым. Шыны керек, ондайға көп сенбеймін. Тілден, көзден тек дұға-тілектер ғана қорғайды деп ойлаймын. Сондықтан мен сияқты жандарды өз-өзіне деген сенімін арттырып, ауруды жеңуге құлшынысын одан ары күшейту үшін осы жаңалығымды көпшілікпен бөлісіп отырмын. Қазір денсаулықты күтіп, оңалту шараларын қолға алып жатырмын. Менімен бірге күрескен барлық ізгі жандарға алғысым шексіз, тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын», – дейді үш баланың анасы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир