Алматыда жапон профессоры Кеничиро Хираока шеберлік сағатын өткізіп жатыр
Елімізде бала сүюді аңсап, денеден тыс ұрықтандыруға жүгінетін жұптар үшін былтыр енгізілген пьезо-ICSI әдісі 100-ден аса әйелге қолданылып, оң нәтижесін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Инновациялық тәсілдің тиімділігін одан әрі арттыру үшін Алматыда жапон профессоры Кеничиро Хираока эмбриология саласындағы мамандарға шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Күншығыс елінде кең танылған әдіс экстракорпоральды ұрықтандыру кезінде аналық жұмыртқа жасушаларының зақымдану қаупін азайта түседі. Мамандар «арнайы аппарат көмегімен жүргізілетін әрі тиімділігін дәлелдеген технология бала көтеру мүмкіндігін арттыруға көмектеседі» дейді.
– Әдісті 100-ден аса әйелге қолдандық. Өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Кем дегенде 10 пайызға нәтижелілікті жоғарылатты. Жапон мемлекетінде тек осы әдіспен ғана ұрықтандыру жүргізіледі, – деді эмбриолог дәрігер Марат Отарбаев.
– Пьезо-ICSI әдісі нәтижесі жоғары. Өйткені аналық ұрықтың зақымдану мүмкіндігі өте төмен. Болашақта дені сау бала тууға тағы да алға бір қадам жасалды деп айтуға болады. Отыз бұрын ЭКО-ның нәтижелілігі 10-15 пайыз болатын болса, қазіргі кезде 40-70 пайызға жетті, – деді репродуктолог Салтанат Байқошқарова.
Оқи отырыңыз: Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты