Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қымбаттай ма

24.07.2024 01:02

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді

Сгенерировано ИИ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен байланысты баға өсуін күтіп отырған жоқпыз. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы жыл аяғына дейін өсе ме, жоқ па, оны айтуға дайын емеспіз», - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы да елдегі экономикалық ахуалға тәуелді.

«Өйткені бөлшек сауда нарығы бәсекелі орта болып есептеледі. Яғни, министрлік бұл нарықты толықтай реттей алмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.