Елімізде медициналық көмек қолжетімді болып қала береді. 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін сақтандырылмаған азаматтарға жүйе бойынша толық қызмет көрсетіледі, Almaty.tv.
Бұл шешімді еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ел Президенті қабылдады. Айта кетейік, 15 санатқа жататын: студенттер, балалар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар бюджет есебінен сақтандырылады. Олардың жалпы саны 10 миллионға жуықтайды.
Оған қоса, 2 миллионнан астам азматтың статусы анықталмаған болатын. Бұл жұмыстар 1 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланған еді. Енді елдегі жағдайға байланысты уақыт тағы ұзартылды. Медициналық сақтандырудың арқасында дүйім ел құны қымбат МРТ, компьютерлік томография, стоматология сынды қызметтерге тегін қол жеткізуге мүмкіндік алады. Ол үшін өз мәртебесін анықтап, ортақ қорға жүйелі түрде ақша аударулары қажет.