Апта сайын 400 адам қызылша жұқтырып жатыр – бас санитар

12.03.2019 17:49

Елімізде 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы екпе салу басталады

Елімізде 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы екпе салу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты ахуал бұрынғы деңгейде, апта сайын шамамен 400 оқиға тіркеліп отыр. 1 сәуірден еспе салуға кірісеміз. Ол үшін 20 наурызға дейін қызылшаға, паратит және қызамыққа  қарсы үш валентті вакцина жеткізіледі. 478 мың доза аламыз. Оны ең бірінші кезекте балаларға саламыз. Себебі ағымдағы жылы өзгеше инфекция екпе салатын жасқа толмаған 12 айлық балаларға жұғып жатыр. Біз екпе салуды 9 айға жылжыттық. Бұл ғылыми негізделген», – деді ол.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, екінші кезекте науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге салынады.

«Вакцинаның негізгі бөлігі екпе салдыруды қалаған адамдарға салынады», – деді Бекшин.

Сонымен қатар, ол жазға қарай вакцинаның қосымша көлемі сатып алынатынын атап өтті. Оның дерегінше, 2018 жылдың қарашасынан Қазақстанда қызылшамен аурудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелген. Аурған балалар ата-аналарының 12 пайызы екпе салдырмай қойған. Екпе салынбаған балалардың 60 пайызы 12 айға толмаған сәбилер, 32 пайызы медициналық қарсы көрсетім болғаннан кейін алмаған.