Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіров айтып берді
Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіровтың қатысумен брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спикердің айтуынша, бүгінде әлемдік тәжірибеде қан донорлығы мен оның компоненттерін дамытудың бірыңғай стандарты қабылданған – бұл қан мен оның компоненттерінің өтеусіз донорлығын дамыту.
«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда сыйлаушы, яғни қайтарымсыз дегенді білдіреді. Қан донорлығын насихаттау мақсатында ДДҰ 2005 жылы 14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күнін бекітті. Бұл күні бүкіл әлемде қан тапсырушыларға құрмет көрсетіледі. Осы уақытқа дейін әлемде донорлық қан мен оның компоненттерінің аналогы мен алмастырғыштары жоқ, сондықтан донорлық қан мен оның компоненттерінің көзі адам болып отыр», – дейді Ж.Нәдіров.
Донорлық бірнеше түрге бөлінеді. ҚР-да оның келесі түрлері бар:
- 450 мл көлемінде толық қан тапсыру.
- аппараттық әдіспен 400-600 мл көлемінде қан плазмасын тапсыру.
Қан жасушаларының донорлығы:
Аппараттық тромбоцитферез – көлемі 200-300 мл болатындай 2*106-дан 8*106-ға дейінгі жасушалардың санында донорлық тромбоциттерді тапсыру.
Аппараттық эритроциттеферез – 200-ден 500 мл-ге дейін донорлық эритроциттерді, эритроциттерді тапсыру.
Донорлықтың түрі мен мөлшерін қан орталығының дәрігері донордың өтініші бойынша емес, ауруханалардың қажеттіліктерін, қан банкінің жағдайын және донордың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайтынын білу маңызды.
Статистикаға сәйкес ең сұранысқа ие, қажет боп жататын қан топтары – оң резус факторлы бірінші және екінші қан топтары. Ең сирек кездесетін қан түрлері – теріс резус факторлық барлық қан топтары.
«2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде медициналық ұйымдарда жоспарлы медициналық көмек көрсетуден бас тартуға және оларды COVID-стационарларға қайта бейіндеуге байланысты донорлық 10%-ға төмендеді. 2022 жылы жағдай керісінше өзгерді, қан компоненттерін тұтынудың 10%-ға артуы байқалады, соған байланысты донорлықтың да дәл осындай 10%-ға артуы байқалды», – деді Ж.Нәдіров.
Мәселен, Алматы қалалық қан орталығының 2021 жылғы статистикалық деректері бойынша қан және оның компоненттерін тапсыру саны 16 961 болса, 2022 жылы донорлар саны 18 516-ға жеткен. Пайыздық көрсеткіште 8-9 пайызға өскен.
Қан орталығының директоры ҚР-да донорларға қойылатын талапар туралы айтты:
18 жасқа толған және донорлыққа қатысуға өтініш берген кезде физикалық денсаулығы мықты, ауыр созылмалы аурулары жоқ кез келген азамат донор бола алады. Бірақ соған қарамастан, егер адам дайындықсыз келсе, мысалы, жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса, ол адам қайырымдылыққа қатысудан шеттетілуі мүмкін. Қайырымдылыққа қатысу үшін көп дайындықтың қажеті жоқ.
Сондай-ақ, қойылатын талаптардың қатарында: дене салмағы 50 кг-нан басталуы керектігі бар. Қыздар мен әйелдер үшін әйелдер циклі аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 күн өтуі керек. Жүктілік уақытша медициналық босату болып табылады, бала емізушілер де 1 жыл мерзімге уақытша медициналық босатылады.
«Түнгі ауысымда жұмыс істеген адам да жеткілікті ұйықтамайынша, уақытша медициналық босатылады. Дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде, қабылданған дәріге байланысты медициналық тоқтату 3 күннен 14 күнге дейін тағайындалады. Алкогольді қабылдағаннан кейін 72 сағат бойы қан тапсыруға тыйым салынады», – деп жалғастырды Ж.Нәдіров.
Майлы тағамдарды қабылдағанда донорлық алдында 4-6 сағатқа уақытша медициналық босатуға рұқсат етіледі, қан тапсырмас бұрын қара шай, қантты немесе қантсыз кофе, су және жеңіл құрғақ печеньелерді пайдалануға, сүт және май өнімдерін тұтынбаған дұрыс.
Татуаж, пирсинг, татуировка болған жағдайда және тіс дәрігеріне барғаннан кейін манипуляциялардан кейін өтініш берген күннен бастап 6 айға уақытша медициналық босату тағайындалады.
Өмір бойы донор бола алмауға абсолютті қарсы көрсеткіштерге мыналар жатады: АИТВ-инфекциясы, В және С вирустық гепатиттері, паразитарлық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез, гормоналды аурулар, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік аурулары, органдарын алып тастау, мүгедектік және т.б.
Алматы қаласындағы Қалалық қан орталығының мекенжайы: Бұхар-Жырау 47, Манас және Байзақов көшерінің ортасында.
Донорларды қабылдау кестесі: дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 15.00-ге дейін.