Токсикологтардың жіті бақылауындағы бүлдіршін ем қабылдауды жалғастыруда
Шымкентте бір сәтке ата-ана бақылауынсыз қалған бала бензин ішіп, уланып қалды. Қазіргі кезде ол қалалық гипербариялық оксигенация орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Ауыз қуысы мен өңешін және асқазанын күйдіріп алған бүлдіршін Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді», – делінген ақпаратта.
Дәрігерлер көмегімен аман қалған баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Токсикологтардың жіті бақылауындағы бүлдіршін ем қабылдауды жалғастыруда.
Қазіргі кезде ол өздігінен тамақтана алатындай мүмкіндікке ие болған. Бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады деп жоспарланған.