Б. Сағынтаев: Алматы ауруханалары мен емханаларының жабдықталуы 91,5% артты

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Бригадалар саны 2 есеге өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Б. Сағынтаев: Алматы ауруханалары мен емханаларының жабдықталуы 91,5%-ға дейін артты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ауруханалар салынып, медициналық кадрлардың даярланғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау нысандары бойынша жабдықтау көрсеткіші 91,5% болды, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жарақтандырылуы 100%-ға дейін жеткізілді.Жедел медициналық жәрдем жұмысы жақсарды. 3 жаңа қосалқы станция салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70% жаңартылды.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі және ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды. Сондай-ақ, 3 емхана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 модульдік КТ-орталығының құрылысы басталды.

2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында үш емхана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, екі модульді КТ-орталығының құрылысы басталды.

Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 БЖКБ қосалқы корпустарының құрылысы, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационардың құрылысы жүргізіліп жатыр.

250 төсек-орынды балаларды оңалту орталығын және 50 төсектік ерте араласу орталығын орналастыру үшін бұрынғы «Алматы темір жол ауруханасын» қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Медицина кадрларының тапшылығын төмендету үшін ағымдағы жылы резиденттерді аса тапшы медициналық мамандықтар бойынша оқытуға 120 грант бөлінді. Медициналық колледжде оқуға 391 грант бөлінді.

Алматы қаласының медициналық ұйымдарында 26 808 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 343 дәрігер, 13 232 орта медициналық қызметкер, 3 872 кіші медициналық персонал және басқа да персонал - 3 361 адам. Сондай-ақ КВИ дерті өршіген жағдайда инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін медицина кадрларының резерві дайын.

Новости партнеров