Егер күнделікті қолданыста тағамның калориясын азайтқыңыз келсе, мәзірден жидекті алып тастаған жөн
Ресейлік диетолог Ольга Кораблева кімге таңқурай жеуге болмайтынын айтты. Сондай-ақ, салмақ тастағысы келетіндерге бұл жидекті жеуге бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Ересек адамға денсаулығына зиян келтірмей күніне 400 грамға дейін жидек жеуге болады. Алайда асқазан-ішек жолдарының ауруы асқынған кезде – гастрит, асқазан жарасы немесе бүйрекке қатысты ауру туындаған жағдайда таңқурайдан бас тартқан дұрыс. Бұл жидек несеп айдағыш болғандықтан шамадан тыс жүктеме артуы мүмкін»,− деді Ольга Кораблева.
Маман таңқурайдың күшті аллерген екенін айтты. Оны басқа жидекке, мысалы, құлпынайға аллергиясы бар адамдарға көп мөлшерде тұтынуға болмайды.
Диетологтың айтуынша, таңқурай тәбетті ашады. Егер күнделікті қолданыста тағамның калориясын азайтқыңыз келсе, мәзірден жидекті алып тастаған жөн. Оның орнына таңқурайды йогурт немесе жұмсақ сүзбемен қосып жеуге болады.