Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 науқас тіркелді. Оның 86-ның жағдайы ауыр
Алматы облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын пневмониямен ауырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 науқас тіркелді. Оның 86-ның жағдайы ауыр», – деді өңір әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов тікелей эфирде өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінде жалпы халықтың жеке қорғаныс құралдарына жергілікті және республикалық бюджеттен 730 млн теңге бөлінген.