Инфрақұрылым және кадрлар: Алматыда денсаулық сақтау мәселелері қалай шешіледі

ВКонтакте
ВКонтакте
Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылы Мемлекет басшысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, Алматыда 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Биыл жаңа стандарттар бойынша 2 нысан жаңғыртылып, 2024 жылы ҚМЖ басталуымен 7 емхана жобаланатын болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйегінде балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесі ашылады. Ал 2024 жылдан бастап 10 стационарды жаңғыртуды бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда тиісті жобалық құжаттар дайындалуда", - деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың тапшылығын ескере отырып, жыл сайын 3 340 маман мен 70 менеджерді үш деңгейлі оқыту бағдарламасымен қамту көзделген, сондай-ақ дипломнан кейінгі даярлыққа 140 грант бөлінді.

Новости партнеров