Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді
Алматыда 4 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде Алатау ауданының" Саялы"," Қарасу", ш/а, Жетісу ауданының Кемел" ш/а, Түрксіб ауданының "Нұршашқан" шағынауданының тұрғындары сапалы дәрігерлік көмек алатын болады", - деді ол.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ғимаратының құрылысы жүргізілуде және "Қалалық кардиологиялық орталық"ШЖҚ МКК күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Жетісу ауданының" Айнабұлақ-3" ш/а №11 емхана ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту аясында 2022 жылы қаланың медициналық ұйымдарына 726 бірлік медициналық жабдық және 6 мұздатқыш камера сатып алынды және жеткізілді.