Алматылық нейрохирургтер 60 жастағы ер адамның омыртқасына күрделі ота жасады

пресс-служба ЦГКБ
пресс-служба ЦГКБ
Патологиялық сынық сүйек тініндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты пайда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматылық нейрохирургтер 60 жастағы ер адамның омыртқасына күрделі ота жасады,   деп жазды  Almaty.tv тілшісі  ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егде жастағы ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 және 9 омыртқасы сынды деген күдікпен түскен. Стероидты остеопороздан болған сынық салдарынан пациенттің сүйектері сырқырап, бұлшық еті ауырған.

Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, патологиялық сынық сүйек тініндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты пайда болады. Салдарынан сүйектің төзімділігі төмендеп, болмашы жарақаттың өзі сыныққа әкеп соқтыруы мүмкін. 

Жан-жақты тексерілгеннен кейін пациенттің омыртқасына вертебропластика жасалды.

«Вертебропластика – омыртқаны «сүйекке арналған цементтің» көмегімен іштен бекітуге мүмкіндік беретін операция. Шағын инвазивті операция кезінде терінің аз ғана бөлігі кесіледі. Ота барысында біз омыртқаға инемен медициналық цемент салдық. Процедура бастан-аяқ рентген арқылы бақыланды. Бұл күрделі ота, себебі цементті омыртқаға алты минуттың ішінде салып бітіру қажет», – деді нейрохирург Марат Алматов.

Жергілікті жансыздандыру арқылы жасалған операция 40 минутта аяқталды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Алдағы бір-екі тәулікте ол қалыпты өмірге қайта оралмақ.

«Вертебропластика – жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи отаның бір түрі. Оның құны 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі сақтандырылған пациенттерге тегін жасалады», – деді Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Егде жастағы ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7және 9 омыртқасы сынды деген күдікпен түскен. Стероидты остеопороздан болған сынық салдарынан пациенттің сүйектері сырқырап, бұлшық еті ауырған, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.

Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, патологиялық сынық сүйек тініндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты пайда болады. Салдарынан сүйектің төзімділігі төмендеп, болмашы жарақаттың өзі сыныққа әкеп соқтыруы мүмкін.  

Жан-жақты тексерілгеннен кейін пациенттің омыртқасына вертебропластика жасалды.

«Вертебропластика – омыртқаны «сүйекке арналған цементтің» көмегімен іштен бекітуге мүмкіндік беретін операция. Шағын инвазивті операция кезінде терінің аз ғана бөлігі кесіледі. Ота барысында біз омыртқаға инемен медициналық цемент салдық. Процедура бастан-аяқ рентген арқылы бақыланды. Бұл күрделі ота, себебі цементті омыртқаға алты минуттың ішінде салып бітіру қажет», – деді нейрохирург Марат Алматов.

Жергілікті жансыздандыру арқылы жасалған операция 40 минутта аяқталды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Алдағы бір-екі тәулікте ол қалыпты өмірге қайта оралмақ.

«Вертебропластика – жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи отаның бір түрі. Оның құны 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі сақтандырылған пациенттерге тегін жасалады», – деді Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Новости партнеров