Індет 30 мамыр күні айрықша көп тіркелген
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте күзде вирустың екінші толқыны күшейген кезде қаладағы жағдайдың қалай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Төтенше жағдай яқталғаннан кейін де тұрғындар карантиндік шараларды сақтаған жөн. Сақтық шаралары барлық елде сақталып отыр. Мысалы, ҚХР-да қабылданған қатаң шаралар вирустың алдын алуға оң әсерін тигізді. Біздің елімізде де барлық сала қызметтерінің әкімшілігі мен қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалды. Осы талаптар әлі де сақталады», - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.
Қазіргі таңда күн сайынғы ең көп аурушаңдық өсімі 30 мамырда 4,6 %-ды кұрады. Соңғы рет тіркелген ең үлкен өсім 3% болды.
«Осыған байланысты тұрғындар тәртіпті сақтаған жағдайда ғана тұрақты эпидемиологиялық жағдайға қол жеткіземіз. Кәсіпорын, ұйым басшылары эпидемиологиялық жағдайға қарсы талаптарды қатаң сақтау үшін барлық жағдайды жасауы тиіс», - деді Ж. Бекшин.