Алматыда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

25.06.2024 18:26

Елімізде жыл сайын 600 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады

Сгенерировано ИИ

Елімізде жыл сайын 600 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. Ал мұндай диагноз 1800 әйелге қойылады. Репродуктолог мамандарының мәліметінше, қазір елде әйелдердің 60 пайызы сәби сүйе алмай, бедеулікпен күресіп жатыр. Бұл ретте Алматыдағы адам ұрпағын өрбіту орталығында репродуктивті денсаулық апталығы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында жұртшылық сарапшыларға көкейкесті сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат ала алды. Кездесуде қауіпті вирус, екпенің маңызы, репродуктивті денсаулық тақырыптары кеңінен қозғалып, жас мамандарға түсіндірме жүргізілді.

– Осы апта дүйсенбіден жұмға дейінжасөспірімдердің, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша жұмыс атқаратын боламыз. Бұл апталықтың ең басты мақсаты – жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, адамдардың папиллома вирусының вакцинациясы бойынша ақпарат беру. Алматы қаласы бойынша барлық медициналық ұйым ашық есік күнін өткізеді, – деді Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова.

Оқи отырыңыз: Салауатты ұрпақ: елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтеді