Аталған инфекция 7 баладан анықталды
Биыл Маңғыстауда 7 баладан менингококк инфекциясы анықталды. Оның біреуі көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал өзге балалар ем қабылдап, сауығып шыққан. Аталған инфекция ересектер арасында да тарап жатыр. Бұл тұста ақ халаттылар менингококктың әртүрлі клиникалық көрінісін атап өтті. Ол – ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі. Дәрігерлердің сөзінше, бас қатты ауырып, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, құсу белгілері пайда болса, бірден тексерілу қажет.
– Биыл өткен жылмен салыстырғанда менингит инфекциясы, әсіресе менингококк көп анықталды. Науқастың басы ауырады, әрекетінде өзгерістер пайда болады, ол сандықтай бастауы мүмкін. Осындай белгілер байқалса, дереу жедел жәрдем шақырып, осында келген жөн, – деді көпбейінді балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері Жансая Нұрболатқызы.
Оқи отырыңыз: Алматы кардиохирургтары ер адамның қайта инфаркт алуына жол бермеді