Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультациялар алуға болады
Ашық есік күні Алматы онкологиялық орталығында 13 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы онкологиялық орталығында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультациялар алуға болады.
Сондай-ақ көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.
«Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі болып табылады», – деп Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева атап өтті.
Акция Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.
Қосымша ақпаратты 8 (727) 312 2474 телефоны арқылы біле аласыз.