Алматыдағы инфекциялық стационарлар 100% заманауи қондырғылармен жабдықталған

Almaty.tv
Almaty.tv
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, қаланың денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2021 жылға жабдық сатып алуға жергілікті бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінді. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімдері 100% жабдықталды», – деді Б. Сағынтаев.

2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен Алматы қаласында медициналық ұйымдардың жансақтау бөлімін қайта жабдықтау жүзеге асырылды.

Мәселен, 2020 жылы республикалық бюджет есебінен 562,1 млн теңгеге 94 дана медициналық құрал-жабдықтар (бұйымдар) – ӨЖЖ аппараты мен оттегі ингаляторлары, қашықтық тепловизолары және басқалары сатып алынды.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.

ӨЖЖ 285аппараты, High Flow оттегі жоғары ағымды терапиясы 250 аппараты, 1050 бірліктегі оттегі концентраторы, 47 рентген аппараты, 52 ультрадыбыстық аппарат сатып алынды.

Жедел жәрдем қызметінің паркі жаңартылды – реанимациялық жабдықтары бар 135 арнайы көлік сатып алынды.

4,8 млрд теңгеге 6 оттегі станциясы, 6,3 млрд теңгеге 10 қалалық ауруханада газ құю компрессорлық станциялары орнатылды.

2021 жылдың 9-13 сәуірі аралығында Дүниежүзілік банктен 45 ӨЖЖ аппараты алынды.

Новости партнеров