Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артқан

05.10.2020 19:27

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты

РИА Новости

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныстың күрт артқанын нақтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір, әсіресе, тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артты. Егер 2019 жылы вакцинаның 100 мың дозасын 1 желтоқсанда түгессек, онда осы жылдың қазан айында алматылықтар 130 мың доза вакцина алды», – деді ол.

Оның айтуынша, қосымша 56 мың вакцина алдыртылған.

«Қоймаға тапсырыс берген 300 мың дозадан бөлек қосымша 56 мың доза келіп түсті. Қазір екпеден бас тартып жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, вакцинацияға деген сұраныстың артуы байқалады», – деп сөзін қорытындылады Бекшин.