Жіті респираторлық вирустық инфекциядан қалай қорғану керек- дәрігер кеңесі

Из открытых источников
Из открытых источников
Баян Мәуленқызының айтуынша, ауа тамшылары арқылы жұғатын жіті жұқпалы аурулар этиологиясы бойынша ерекшеленеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қолды жиі жуу, респираторлық гигиена – бұл жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен жабу, адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу ЖРВИ және тұмау жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының №16 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімінің меңгерушісі Баян Тәкібаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баян Мәуленқызының айтуынша, ауа тамшылары арқылы жұғатын жіті жұқпалы аурулар этиологиясы бойынша ерекшеленеді (300-ден астам вирус белгілі).

Негізгі белгілері:

  • температурасы 38*С және одан жоғары болса ;
  • пульстің жиілігі температураның артуына сәйкес келеді.
  • тыныс алу жиілейді;
  • катаралды белгілердің орташа белгілері (мұрынның ағуы, құрғақ жөтел);
  • бет мен мойынның гиперемиясы, қатты терлеу, диффузды гиперемия және жұтқыншақтың шырышты қабатының түйіршіктілігі.

ЖРВИ асқынған ағымының қауіп тобына мыналар жатады:

  • созылмалы өкпе ауруы бар кез келген жастағы адамдар (демікпе, ӨСОА және т.б.);
  • созылмалы жүрек ауруы бар кез келген жастағы адамдар;
  • зат алмасу бұзылулары бар адамдар (қант диабеті, семіздік);
  • созылмалы бүйрек ауруы, созылмалы гепатиті, неврологиялық жағдайы, гемоглобинопатиясы және иммуносупрессиясы бар адамдар;
  • 65 жастан асқан адамдар.

Баян Тәкібаева екпе алмағандарға бетперде киіп, арақашықтықты сақтауға, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес береді. Сонымен қатар, үйде микробтардың көбеюіне жол бермейтін ылғалды тазалықты жиі жүргізу керек.

Дәрігер үйде дәрі-дәрімексіз қалай емделуге болатынын айтты:

  • Интоксикация белгілері болған жағдайда төсекте жатып, демалған дұрыс.
  • Диета – тез сіңірілетін тағамдар және шай, жеміс-көкөніс шырындары, жеміс сусындары, ауыз су түрінде тәулігіне дене салмағына 20-40 мл/кг мөлшерінде сұйықтықты көп тұтыну.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген дәрігер дене қызуы көтерілгенде, бірден  жедел жәрдем шақыртудың қажет еместігін айтты.

«Дене температурасын 38 * C дейін көтерілген жағдайда түсіру ұсынылмайды, себебі бұл организмнің инфекциялық агрессорға қорғаныс реакциясы. Дене температурасының жоғарылауынан патогендік бактериялар мен вирустар өледі, бірақ әрбір организм жеке. Біреу аяқта жүріп, 37-38 градус температураға шыдай алады және дене қызуын тіпті байқамайды да  оны түсіруге асықпайды, бұл ағзаның күресуіне мүмкіндік береді, ал енді біреу қызу түсіретін дәрісіз жүре алмайды. Жоғары температураны өз бетінше түсіруге болады - мұны істеу үшін маңдайға салқын компресс жасап, оны шамамен 30 минут ұстап, қызуды басатын дәріні қабылдау керек. Ең сенімді дәрілердің бірі – Парацетамол, Ибупрофен», – дейді Баян Тәкібаева.

Егер дене температурасы 38,5 градустан жоғары болса, одна оны міндетті түрде қызуды түсіретін препараттармен түсіру керек, өйткені ол тырыспа, жүрекке күш түсу және қан айналымы жеткіліксіздігі, естен тану, мидың ісінуі сынды асқынуларды тудыруы мүмкін.

Дәрігер ЖРВИ-ның алдын алудың негізгі және тиімді дәлелденген әдісі маусымдық вакцинация екенін атап өтті.

Новости партнеров