|
05.05.2023 | 13:59
2322

ЭКҰ квотасын қалай алуға болады

Экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүние есігін ашқан адам саны әлем бойынша 10 миллионнан асқан

ЭКҰ квотасын қалай алуға болады kinderay.ru

Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына қатысқысы келетіндерді тіркеу емханалар арқылы жүргізіледі. Бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымы бедеулікке шалдыққан пациентті диспансерлік науқастардың электронды регистріне тіркейді. Одан соң бедеулік себептері анықталып, арнайы комиссияға жолданады. Егер өтініш мақұлданса, тегін квотаға жолдама беріледі. Ал пациент өзі қалаған клиниканы таңдай алады.

Біздің клиникада биыл 200-ден астам экстракорпоралдық ұрықтандыру операциясы жасалады деп жоспарланып отыр. Алдыңғы жылы осы жоба аясында 58 отбасына сәби сүюге көмек көрсеттік. Олардың тең жартысы сәтті болды, – деді клиниканың ЭКҰ бөлімінің меңгерушісі Владимир Чистяков.

Өкінішке қарай, ЭКО қызметіне жүгінген кез келген ерлі-зайыпты бала сүйе алмайды. Әлем бойынша, жасанды ұрықтандыру арқылы балалы болғысы келетіндердің 50 пайызында мүмкіндік жоқ.

– Біріншіден, әйелдің жасы мен зиянды әдеттері. Репродуктивті жүйе әдетте 40-45 жаста жұмысын тоқтатады. Екіншіден, организмдегі патологиялық өзгерістер, мәселен иммундық жүйенің әлсіреуі де әсер етеді немесе симптомсыз вирустық ауруларға шалдығу. Ал үшіншіден, генетикалық факторлар, – деді репродуктолог дәрігер Қарлығаш Кәкімова.

Балалы болу үшін барын салған ерлі-зайыптылардың алдымен психологиялық, моральдық күйзеліске түсетіні анық. Оны жеңіп, бір шешімге келгеннен кейінгі кедергі – қаражат. Ер мен әйелдің емделу процесінен бастап, бала сүюге дейінгі аралықта 1 – 1,5 млн теңге шығын шығады.

Экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүние есігін ашқан адам саны әлем бойынша 10 миллионнан асқан. ЭКО арқылы дүниеге келген сәбидің денсаулығы табиғи жолмен құрсаққа біткен балалардың денсаулығынан айырмашылығы жоқ. Мамандардың айтуынша, баланың жағдайына ата-анасынан берілетін тұқым қуалайтын қасиет, ананың жүктілік және босану кезіндегі күйі әсер етеді.

Гүлмарал Изатқызы, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир