Қазақстанда йод, корвалол, меновазин, жасыл бриллиант және валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың айтуынша, препараттар бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі. 25 мл құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін.
- Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін, - дейді Назгүл Қабдырахманова.
Оқи отырыңыз: Қара шайдың қандай пайдасы бар