Клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға "Краниосиностоз" (бас сүйегінің ми бөлігінің деформациясы) күрделі диагнозы қойылған. Оларға Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері және Ресей медициналық орталығының мамандары сәтті операция жасады, деп хабарлайдды Almaty.tv.
Бұл – нейрохирургиялық операцияның ең күрделі түрі, ол жұмыстың дәлдігін және дәрігердің жоғары біліктілігін талап етеді.
Ота бірегей шеберлік сағаты шеңберінде жүргізілді, оның барысында Алматы қаласының №2 БҚКА және Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В. А. Алмазов атындағы ҰМЗО тәжірибелі мамандары 3 күн бойы еліміздің түрлі өңірінен келген дәрігерлерді оқытты.
Алматы қаласының №2 БҚКА директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, №2 балалар ауруханасының базасында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және "Мейірімділік "Ерікті ұйымы" Қоғамдық қорымен бірлесіп үш күндік балалардағы бас сүйегінің дамуындағы туа біткен ауытқуларды емдеудегі "Краниосиностоз хирургиясының заманауи аспектілері" атты халықаралық шеберлік сағаты өткізілді.
Краниосиностоз дертінің негізгі симптомы – сүйек тігістерінің ерте өсуіне байланысты пайда болатын бас сүйегінің ми бөлігінің деформациясы, бұл ауру асқынса, уақытында емдемесе, балаға айқын гипертензия синдромы, ұстама, психикалық дамудың артта қалуы, көру нервінің патологиясы, көру қабілетін жоғалту сияқты қауіп төнеді. Оны емдеудің басты жолы – бас сүйектің пішінін ерте хирургиялық түзету. Бұл патология 2000 баланың біреуінде кездеседі.
Қоғам қайраткері, «Добровольное общество «Милосердие» қорының негізін қалаушы және директоры Аружан Саин мұндай шеберлік сағатын өткізуі отандық балалар нейрохирургиясының дамуына зор үлес қосқанын айтты. Қазақстанда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен мұндай іс-шаралар ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді Елімізде медицина мамандары тығыз байланыс отырып, республикамыздың ең шалғай аудандарының балаларымен үнемі кездесіп, оларға көмек көрсетеді.
– Жоғары білікті мамандармен тәжірибе алмасудың арқасында елімізде "краниосиностоз" диагнозы қойылған пациенттерге ота үнемі жүргізілетін болады. "Балаларға өмір сыйла" жобасының басты мақсаты – Қазақстандағы балалардың шетелге шықпай-ақ кез келген диагнозбен тиімді емдеуге мүмкіндік беретін медицинаның даму деңгейіне қол жеткізу. Бұл мастер-класс мультидисциплинарлық емдеу тәсілімен ерекшеленеді, өйткені нейрохирургтардан басқа анестезиологтар мен медбикелер өз тәжірибесімен бөліседі. Балалар анестезиологиясы кез келген хирургиялық көмектің ең маңызды бөлігі болып табылады, ал мейірбике – операция бөлмесіндегі басты тұлға, – деді Аружан Саин.
Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта краниосиностоз диагнозы жиі байқалады. Бұл балалардың ата-аналары көп жағдайда Алматы қаласындағы №2 ҚБКА-ға жүгінеді, мұнда айына орта есеппен осы патологиямен 15-ке жуық ота жасалады. Осыған байланысты өңірлік дәрігерлерді оқыту және олардың мамандануын арттыру өзекті болып табылады.
– Осы шеберлік сағатының мақсаты – өңірдегі балалар нейрохирургиясын дамыту, сондықтан біздің өңірлік әріптестеріміз бұл патологияны өз бетінше жасауы тиіс. Бізге республикамыздың барлық өңірнен және таяу шетелден бас штаттан тыс балалар нейрохирургтары, нейрохирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, операциялық медбикелер, жалпы саны 40-тан астам адам келді, – деп Марат Рабандияров.
Бұл іс-шараның форматы ерекше. Бұл – дриллинг курсы мен "шынайы" хирургияны қамтитын Орта Азия аймағында өткізілген алғашқы және әзірге жалғыз шеберлік сағаты. Бейнеконференция барысында барлық операциялар залда led-экранда көрсетілді.
– Біздің ойымызша, қызықты формат таңдалған. Дәріс дриллинг-курспен бірге болды, яғни краниосиностоздың әртүрлі формалары бар ота жасалынатын балалардың бас сүйектерінің бірнеше модельдері жасалды, ал бұл курстың қатысушылары белгілі бір хирургиялық манипуляциялар жасау мүмкіндігіне ие болды. Муляждар 3Д принтерде жасалды. Содан кейін бұл курс практикалық онлайн хирургиямен, яғни шынайв хирургиямен аяқталды. Мен мұндай форматты бұрын Ресейде кездестірмеппіп, – деді РФ ДСМ В. А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы Университеттік клиникасының балаларға арналған нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Александр Ким.
Оқи отырыңыз: Алматының "Думан" шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салынады