Алматыда хирургияның бір күндігі аясында шағын инвазивті проктологиялық ота жасалады

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Мамандардың айтуынша, бұл медициналық көмектің сапасын арттырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында хирургияның бір күндігі аясында шағын инвазивті проктологиялық оталар жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталық қалалық клиникалық аурухананың колопроктология орталығында қос толқынды лазерлік хирургиялық жүйе пайда болды. Бұл құрылғы шағын инвазивті хирургиялық оталарға арналған. Аталған технологияны қолданудың ең негізгі артықшылығы ота кезіндегі түрлі жарақаттың болу ықтималдығын, ауырсыну синдромын едәуір азайтады, отадан кейінгі түрлі ауырсынудың алдын алады. Бұл технологияны ауруханаларда, сонымен қатар емханалық жағдайда да қолдануға болады.

- Жоғары нәтижелі лазерлік технологияларды қолданудағы икемді жүйе оларды пилониедальды киста, анальды жарық, гипертрофияланған перианальды тері түзілімі бар науқастарда бір күндік стационарда қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Енді емделушілер бір күндік ота аясында заманауи әрі тиімді емдеу әдістерін ала алады, бұл медициналық көмектің сапасын айтарлықтай жақсартады. Лазерлік хирургияға арналған құрылғы көмегімен – геморрой түйіндерінің вапоризациясы және тік ішек жыланкөзін аз жарақат түсіру жолымен түрлі хирургиялық араласу жасалады. Осының барлығы жалпылай алғанда жоғары функционалды нәтижеге жетуге мүмкіндік береді, - дейді ОҚКА колопроктология орталығының басшысы Марат Абдуллаев.

Құрылғыны стационарға сол жерде жатқан емделушілердің денсаулығының түзелуіне және өмір сүру сапасының жақсаруына өз септігін тигізеді деген үмітпен  демеушілер сыйға тартқан болатын. Сонымен қоса олар түрлі медициналық ұйымдарды қолдау - демеушілердің қайырымдылық қызметінің ең негізгі бағыты болып табылатынын айта кетті.

- Біз демеушілеріміздің осындай жомарт қайырымдылығына алғысымызды білдіреміз және бұл жаңа лазерлік құрылғы біздің орталық мамандарының қолындағы ең негізгі құрал болады деп сенеміз. Біз аурухананың осындай қайырымды істердің арқасында дамып, көркейіп жатқанына қуаныштымыз. Барша мүдделі тұлғаны жаңа лазерлік құрылғының тиімділігін сынап көру мақсатында біздің ауруханаға келуге шақырамыз. Бұл медицина және денсаулық сақтау саласындағы үлкен жетістікке жетудің келесі қадамы деп сенеміз, - деп өз сөзін аяқтады профессор Марат Абдуллаев.

Еске сала кетсек, Орталық қалалық клиникалық ауруханада қала тұрғындарына ғана емес, барша келушілерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа, заманауи емдік-диагностикалық құрылғылармен қамтылған проктологиялық орталық жұмыс істейді.

Жыл сайын аталған орталықта 900-ден аса ота жасалады, атап айтсақ, созылмалы геморройға және аналдық тыртықтарға радикалды оталар, аноректальды жыланкөз және абсцестерге жасалатын оталар, кіші жамбас бөлігінің әр түрлі ауруларына оталар (ректоцеле, ректовагинальды жыланкөз, анальды сфинктердің жеткіліксіздігі, тік ішектің пролапсы), тоқ ішектің туа біткен патологиялары үшін тоқ ішектің лапароскопиялық резекциясын қоса алғанда, жараға арналған колопроктэктомия, Крон ауруы, отбасылық диффузды полипоз, стомасы бар науқастарда реконструктивті пластикалық хирургия, тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігінің асқынуына хирургиялық араласулар.

Аталған медициналық қызметті тұрғындар ТМККК және ОСМС аясында ала алады.

Оқи отырыңыз: Инсульт кез келген жаста пайда болуы мүмкін - дәрігер кеңесі

Новости партнеров