Қазірдің өзінде 30 415 ЖРВИ және 3 тұмау жұқтыру жағдайы тіркелді
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиеваның айтуынша, вирустық инфекциялардың көбейгені байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазірдің өзінде 30 415 ЖРВИ және 3 тұмау жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы 6 қыркүйектен бүгінгі күнге дейінгі кезеңге қатысты мәліметтерді спикер Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлім етті.
«Егер эпидемияға дейінгі маусымның басында балалар арасында жұқтыру деңгейі 65,2 пайызды (3876 жағдай) құраса, бүгінде ересек тұрғындар арасында да ауру деңгейінің артуы байқалады», - деді Б.Мұхамадиева.
ӨКҚ спикерінің айтуынша, жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу мегаполистің барлық дәрігерлерінің басымдық беріп отыр. Бақназар Мұхамадиева тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі дер кезінде вакцинация алу деп есептейді.
«Жыл сайын қазан-қараша айларында тұмауға қарсы вакцинаны тек ағымдағы жылы шығарылған вакцинамен алу қажет, өйткені тұмау вирусы мутацияға және өзгеруге қабілетті. Вакцинаны алғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы 1 жылға дейін сақталады», - дейді ҚДСБ өкілі.
Айта кетерлігі, Алматыда жергілікті бюджет есебінен, яғни, қатерлі топтағы адамдар тұмауға қарсы екпеден өтеді. Вирус жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдарды тұмауға қарсы егу науқаны 6 қыркүйекте басталды.
Қатерлі топқа медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, қарттар үйлерінің контингенті; сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша 60 жастан асқан қарт адамдар, жүктіліктің 2 және 3 триместріндегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, интернат тәрбиеленушілері кірген.
Вакцинацияны жүргізу үшін жергілікті бюджеттен Ресейде өндірілген 130 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының бірінші партиясы сатып алынды. Сондай-ақ, 17 қазанда қосымша 80 000 доза мөлшерінде «Гриппол плюс» вакцинасының екінші партиясы сатып алынды. Нәтижесінде ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы саны 210 000 дозаны құрады, бұл тегін егуге жататын вакцинациялауға жататын халықтың саны.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева қала тұрғындарын ЖРВИ және тұмауға қарсы алдын алу шараларын сақтауға шақырады:
Ата-аналардан ЖРВИ және тұмаумен ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жібермеуді сұрайды.