|
12.07.2022 | 14:37
4054

Пациенттің өз денсаулығына деген белсенді ұстанымы – табысты емделудің кепілі

Пациенттер дәрігерге өзінің емделуіне және сауықтыруына көмектеседі

Пациенттің өз денсаулығына деген белсенді ұстанымы – табысты емделудің кепілі Кубанские новости

2013 жылдан бастап Қазақстанның медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) іске асырылып келеді. Ол созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқаруды, өмір сүру сапасын жақсартуға, асқынулардың санын азайтуға, пациенттерді өзінің жағдайын басқару дағдыларына үйретуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

АББ-на тек Қазақстанда ғана емес, әлемде ең кең таралған артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және 2 типті қант диабеті секілді аурулар енгізілген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына АББ-ны ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу, бағдарламаны өңірлерде  енгізу, АББ индикаторларының электрондық базасы бойынша бағдарламаның индикаторларына мониторинг жүргізу үшін жауапкершілік жүктелген.

Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысатын артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабетімен ауыратын пациенттердің қамтылуы 57%-ды құрады, яғни 1 174 533 адам. АББ электрондық тіркелімінің деректері бойынша Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, СҚО және Шымкент қаласында бағдарламаға ең көп пациент тартылған. Алматы қаласы бойынша пациенттердің қамтылуы 50,4 пайызды құрайды, бұл республикалық деңгейден төмен.

АББ негізгі мақсаттарының бірі: халықтың өз денсаулығына деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өзінің іс-әрекеттері нәтижелерінің денсаулығына әсерін болжай білу. Пациенттер дәрігерге өзінің емделуіне және сауықтыруына көмектеседі.

Пациенттің өз денсаулығына деген белсенді ұстанымы – табысты емделудің кепілі. Сондықтан бағдарламаның маңызды буыны ақпараттандырылған, созылмалы ауруы бар белсенді адамның және мультитәртіптік команда мүшелерінің түрлі мамандықтағы дәрігерлердің, мейіргерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің, салауатты өмір салты орталықтарының мамандары мен психологтардың пациенттерді өзіне-өзі көмек көрсету және денсаулыққа әсер ететін факторларды бақылауға үйрететін өзара әрекеттесуі.

Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтарында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары жоспарында, қала тұрғындары үшін өзекті проблемалар қатарында өтініштердің 24%-ы әлеуметтік салаға, оның ішінде медицинаға қатысты. «Барлығы үшін қолжетімді және сапалы медицина» бөлімінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім саны Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінің салыстырмалы қалаларына қарағанда жоғары екендігі атап өтілген.

Созылмалы аурулардың асқынуының профилактикасы да дер кезінде ем қабылдау секілді маңызды екендігін айта кету керек. Артериялық гипертензиясы, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті бар пациенттерді АББ-на тарту асқынулардың, жедел медициналық көмек пен дәрігерді үйге шақырулардың санын азайтуға, өзіне-өзі көмек көрсету арқылы денсаулықты жақсартуға, артериялық қысым деңгейін тұрақтандыруға, инсульт пен миокард инфаргына шалдыққандардың үлес салмағын азайтуға, тұтастай алғанда, адамның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

1 174 533 адамнан артериялық гипертензиясы бар пациенттердің 65%-ы қан қысымының, қант диабеті бар пациенттердің 28,2 %-ы гликолизирленген гемоглобиннің қалыпты деңгейіне жетті, созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттердің 47,5%-ы АББ-на қатысады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өңірлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Раушан Жарылкасынованың айтуынша, АББ-на енгізілген топта пациенттер арасында шұғыл көмекті талап ететін науқастардың саны азайды. Одан басқа  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында стационарлық медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі азайды. Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі Даму жоспарында учаскелік қызметке түсетін жүктемені азайту көзделгенін атап өткен жөн.

«Ең басты артықшылығы: дәрігер мен пациент серіктес болды. Пациенттер  өз денсаулығына жауапты екенін түсінді, дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерді және денсаулық жағдайы нашарлаған кезде өзіне қалай көмектесе алатындығын және асқынуды  болдырмауды үйренді», - дейді Раушан Қаналбекқызы.

«Оқуға, емделуге деген оң көзқарас жақсы нәтижеге әкеледі. Біздің өзімізге және өз ауруымызға деген көзқарасымыз өзгерді, өмір салтымызды қайта қарастырдық, дұрыс тамақтануға, спортқа көңіл бөлеміз, денсаулығымыз қалпына келді», - дейді пациенттердің өздері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир