Алматының онкологиялық орталығында 2 мыңнан астам ота жасалды

13.10.2022 19:40

Бұл туралы Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты

Ашық дереккөзден

Алматының онкологиялық орталығында жыл басынан бері 2 мыңға жуық хирургиялық ота жасалды, оның 50 пайыздан астамында бейнеэндоскопиялық техника қолданылған, бұл науқастың ауруханада болу ұзақтығын қысқартып, операциядан кейінгі кезеңді жеңілдетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталықтың хирургиялық бөлімінде әртүрлі хирургиялық операциялар жасалады: гинекологиялық, маммологиялық, кеуде қуысы, абдоминалды, несеп-жыныс оталары.

Науқастарға көрсетілетін барлық ем жоғары технологияның көмегімен жүргізіледі, бұрын біздің азаматтарымыз ол үшін шетелге баратын.

Операциялардың жартысына жуығы аз инвазивті әдіспен жасалады, бұл оңалту уақытын қысқартуға және ота барысында үлкен тіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Алматы онкологиялық орталығы операцияларды ашық әрі лапароскопиямен  жасайтын Қазақстандағы озық клиникалардың бірі. Осы мақсатта онкологиялық орталық барлық қажетті жоғары технологиялық қондырғылармен  жабдықталған.

Маманның айтуынша, науқастардың 30 %-тен астамы ауру асқына түскен кезде, үшінші және төртінші кезеңдерде емделуге келетін көрінеді. Бұл уақытта ем ұзақ әрі барлық әдістерді қолдана отырып жүргізіледі.

Сол себепті де сарапшы ел аумағында тегін скринингтер жүргізілетінін және уақтылы дәрігерге қаралып, алдын алу тексерулерінен өту керектігін еске салады.

«Қатерлі ісікті барынша ерте анықтау, оны емдеу мүмкіндігін де арттырады», - деп түсіндірді Ізбағамбетов.