Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеген
Алматыда науқастарды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірінші медициналық-санитарлық көмек ұйымдары профилактикалық қарауларды, жоспарлы стоматологиялық қарауларды, медициналық оңалту шараларын, оқушылардың денсаулығына қатысты шараларды, медициналық-психологиялық қарауларды, құжаттарды медициналық әлеуметтік рәсімдеуді тоқтатты. Бұл карантин шараларының ұзақтығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болып тұр.