ЖРВИ: Алматыда эпидемиологиялық жағдай қалай

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

1 қыркүйектен бастап қалалық емханалар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, өткен аптада мегаполис аумағында жедел респираторлы вирустық инфекцияның 3890 жағдайы тіркелген. Бұл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 9,8 пайыз төмен.

– Биыл 7 айдың ішінде жедел респираторлы вирустық инфекцияның 447 мың 62 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 19 мың 500-ді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға жоғары. Олардың 61,7 пайызы балалар, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Айта кетейік, жалпы қала бойынша 257 мың 495 адам тұмауға қарсы екпе алған, бұл қала халқының 11,5 пайызын құрайды, оның 250 мыңы «тәуекел тобындағы» адамдар. Оларды вакциналау үшін  210 мың доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы екпе сатып алынған. Бұл жұмыс қыркүйекте басталып, қарашаның аяғына дейін жалғасады.

– 1 қыркүйектен бастап қалалық емханалар күшейтілген жұмыс режиміне кіріседі. Сондай-ақ медициналық мекемелерде колл-орталықтар іске қосылады. ⁠ЖРВИ немесе тұмаумен ауырған науқастар үшін қалалық стационарларда 453 орын әзірленді. Тағы қосымша 90 адам қабылдай алады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда медициналық колледждердің талапқа сәйкестігін тексеретін болады

Новости партнеров