Алматыда 11 жастағы қыз баланың асқазанынан 1 келі шаш алынды

әуесқой түсірілім
әуесқой түсірілім
Бала бөлімшеде емделіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 11 жастағы қыз баланың асқазанынан 1 келі шаш алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеткіншек 1 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жедел аппендицитке күдікпен түскен. Әлсіздік мазалаған науқастың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмапты. Дәрігерлер жүргізген ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде қыздың асқазан қуысынан шаш өрімінен және шырыштан тұратын ірі көлемді, қара түсті бөгде зат анықталып, дереу ота жасалған. Медициналық мекеме қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бұл жыл басынан бері «асқазанның трихобезоары» диагнозы қойылған алғашқы жағдай екен.      

«Асқазанның көлеміндей шаш алып тастадық. Ота жасап, бәрі сәтті өтті. Бала бөлімшеде емделіп жатыр. Ешқандай шағымы жоқ, тамағын ішті, бәрін сіңіреді. Жақында ауруханадан шығады», – деді БШМККО Іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Новости партнеров