Елімізде ЖИТС жұқтырғандар қатары азайған

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматы әкімдігі орталыққа жылжымалы пункт сыйлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде иммун тапшылығы синдромына шалдыққандар қатары біршама азайған. Қазір республика бойынша есепте тұрған 30 мың науқас бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың 80 пайызы дертке шалдыққанын біледі және ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер «ауруды ерте анықтау – сырқаттанған адамның өмір жасын арттыруға ықпал етеді» дейді. Тиісті профилактикалық шаралардың арқасында соңғы жылдары вирусты жұқтыру дерегі төмендеген.

– Былтыр иммун тапшылығы вирусын 390 адам жұқтырса, биыл көрсеткіш аз да болса төмендеді. Өйткені, 9 айдың қорытындысы бойынша 379 науқас тіркеліп отыр. Алматыда да дертке шалдыққандар қатары сейілгені байқалады. Мұндай тенденция соңғы 10 жылда алғаш рет байқалып отыр, – деді Республикалық СПИД орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Алматы әкімдігі қалалық Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығына жылжымалы пункт сыйлады. Арнайы көлік қалада еркін қатынап, аурудың алдын алу шараларын қарқынды жүргізуге бағытталған.

Айта кетейік, биыл мәслихат депутаттары вируспен күресетін үкіметтік емес ұйымдардың қызметін кеңейту үшін 75 миллион теңге көлемінде бюджет бекіткен.

– Көліктегі жылжымалы пункт мүмкіндікті арттырады. Түнгі уақытта қала ішінде қатынап, вирусты жұқтыруға бейім топтағы адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізе аламыз. Халық арасында жедел тест сынамаларын алып, қорғаныш құралдарын таратамыз, науқастарға препараттар береміз. Мұндай бастама дерттің алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететіні анық, – деді ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеев.

Оқи отырыңыз: Қызылша ауруына шалдыққан 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Новости партнеров