Дәрігер қан ұюға қарсы препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті

08.07.2020 20:11

Антикоагулянттар – қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар

Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева қан ұюға қарсы (антитромб - еск.) препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті,  деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, бүгінде науқастар антитромб препараттарды инъекция түрінде үйде пайдаланады - бұл қауіпті. Коронавирус инфекциясы тромбоздың түзілуіне себепкер болады және бұл препараттар мұндай инфекция кезінде антитромб үшін пайдалануға болады. Бірақ бұл терапияны тек стационарда лабораториялық бақылау арқылы жасау керек», – деді Қарабаева ОКҚ брифингінде.

Антикоагулянттар –  қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қанның ұюын азайтады, бірақ антикоагулянттарға жатпайды. Ацетилсалицил қышқылы салдарынан асқазан жарасы пайда болуы және асқазан-ішек жолы қанауы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарында проблемалары бар адамдарға ішуге болмайды.