Жыл сайын оңалтудан өтетін балалар саны өсуде, себебі, осы жастағы балалар көбінесе өкпе-бронх жүйесінің аурушаңдығына шалдығады
«Алау» оңалту Орталығы бас дәрігерінің м.а. Майя Шегебаева балалардың Алматыда қалай оңалтудан өтетіні туралы айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
«Алау» оңалту Орталығы 1982 жылдан бастап қызмет етуде, МӘМС жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінде қалпына келтіру және медициналық оңалту түрінде көмек көрсетуде.
«Біздің оңалту орталығы 100 төсек-орыннан құралған туберкулездік емес пульмонологиялық аурушаңдықпен ауратын 3-7 жасар балаларға оңалту көмегін беретін Алматы қаласындағы жалғыз оңалту Орталығы болып табылады, бронхты демікпемен, пневмониядан соңғы және өкпе-бронх жүйесінің басқа да ауруларымен ауратын балалар қаралады». Сонымен қатар, өткен жылдан бері бізде жүйке ауруымен ауратын, яғни, қатерсіз басішілік қысымның көтерілуі бар балалар оңалтудан өтуде»,– деді дәрігер.
Сондай-ақ, Орталыққа жыл сайын жасты шағынан мүгедек балалар, мысалға, көру, есту ақаулығы бар, туа біткен даму ақаулығы, Даун синдромы, микроцефалия, жеңіл түрдегі ДЦП, туболопатиямен ауратын балалар келіп түседі.
Орталыққа қаланың барлық емханаларындағы учаскелік дәрігерлердің жолдауымен, оның ішінде, «SOS» қалашығынан, №2 балалар үйінен келетін балалар. Оңалту үшін барлық қажетті анализдерден, сондай-ақ, ПТР-ге тестілеуді де емхана базасында өтеді. Оңалту ісі 14 күнге дейін созылады және онда қалпына келтіру арқылы емдеу де қарастырылған. Оған уақалау жүргізу, емдік тыныс алу жаттығуы, кинезотерапия, физиотерапия, емдәм терапиясы, фитотерапия, тұз шахтасы, гелиотерапия және 6-мәртелік йодталған емдәмтік тамақтану. Мұнда сонымен қатар, ЛОР-дәрігер, стоматолог, невропатолог, физиотерапевт секілді бейінді дәрігерлер жұмыс жасайды.
«Біздің Орталықта балалар барлық емшаралардан басқа тек бізде ғана бар гелиотерапиядан өтеді. Бұл – тікелей күн сәулесінің кеуде клеткасы мен арқаға емдік және профилактикалық тұрғыда қолдану, күн сәулесімен емдеу»,– деді Майя Шегебаева.
Жыл сайын оңалтудан өтетін балалар саны өсуде, себебі, осы жастағы балалар көбінесе өкпе-бронх жүйесінің аурушаңдығына шалдығады.