|
15.10.2023 | 15:17
4240

Қандай өнімдер қанды қоюландырады

Фастфуд өнімдерінен абай болу керек

Қандай өнімдер қанды қоюландырады pixabay.com

Қанның сапасына біз тұтынатын кейбір өнімдер тікелей әсер етеді,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Тромбозға бейім, жүрек-қан тамырлар ауруларымен ауыратындар мына өнімдерді көп тұтынбағаны жөн. 

Қарақұмық

Ол қанның жоғары ұйығыштығына ықпал етеді және тромбоз кезінде жағдайды ушықтыруы мүмкін. Қарақұмықта темір көп, оны гемоглобин жетіспегенде ұсынады. Қарақұмық ботқасында қанның тұтқырлығын арттыратын лецитин бар.

Қант

Қант барлық дерлік өндірістік өнімде бар. Тіпті, дәмі тәтті емес тағамдарда да қант болуы мүмкін. Қант қандағы глюкоза деңгейін арттырады. Бұл қан тұтқырлығын жоғарылатып, тромбоз қаупін арттырады.

Картоп

Картопта крахмал көп, ол қарапайым көмірсуларға жылдам ыдырайды. Сондықтан қандағы қант деңгейі бірден артады. Әсіресе, майлы картоп қауіпті.

Ақжелкен

Ақжелкенде К дәрумені көп. Бұл дәрумен қанның ұйығыштығын арттырады. Сондықтан егер тромбозға бейім болсаңыз, оны көп қолданбаған жөн.

Майлы тағамдар

Қаныққан майлы қышқылдары, трансмайлары бар барлық өнімдер, тұтқырлық жағынан қанға жағымсыз әсер етеді. Майлы сүтті өнімдер, ірімшік, кілегей майлары, еттің майлы түрлері қанды қоюландырады. Әсіресе, фастфудпен абай болу керек. Себебі оның құрамында қант және сапасыз майлар көп.

Оқи отырыңыз: Мәңгілік тағамдар: тұз бен қанттың жарамдылық мерзімі бар ма

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир