Мәңгілік тағамдар: тұз бен қанттың жарамдылық мерзімі бар ма

Сурет:  jcomp/Freepik
Сурет: jcomp/Freepik
Ылғал - өнімнің сапасын төмендетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қант пен тұз - әлемдегі танымал әрі кең тараған дәмдеуіштер. Ежелгі заманнан бері олар ас үйдің ажырамас элементтерінің бірі. Қант пен тұздың жарамдылық мерзімі бар ма? Тұз антисептикалық қасиеттеріне байланысты бактерияларға табиғи төзімді, дегенмен сақтау үшін ерекше тәсілді қажет, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұзды белгілі бір температурада сақтау қажет. Сондықтан тұзды қоршаған ортаның әсерінен оқшаулайтын герметикалық контейнерде сақтаған жөн. Сондай-ақ минералды құрылымына әсер етуі мүмкін жылу мен жарықтың әсерін азайту үшін салқын, қараңғы орынды таңдау керек.

Егер тұзды дұрыс сақтасаңыз, онда өнім 5 жылдан кейін де пайдалы қасиетін жоғалтпайды. 

Қант үшін ылғалды орта қауіпті. Ылғал өнімнің сапасын төмендетеді. Сақтау үшін беті жабылатын ыдысты пайдаланған дұрыс. 

Оған қоса, қант кез келген иісті жақсы сіңіру қабілетке ие. Сол себепті өнімді хош иісті тағамдардан аулақ ұстаңыз. Қант күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ жерде болуы тиіс. 

Егер қатты дұрыс сақтаса, жарамдылық мерзімі шамамен 8 жыл.

Оқи отырыңыз: Дәрігер дене қызуын қалай дәрісіз түсіруге болатынын айтты

Новости партнеров