Атырауда перзентханада 31 қызметкер өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз берген

07.10.2019 21:00

Перинаталдық орталық қызметкерлері жұмыстан кету туралы арыз берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан босатуға өтініш жазды. Олармен Денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Олар өз орындарында жұмыс істеп жатыр. Біз дәрігерлермен жүйелі әңгіме жүргізу үшін барын салып жатырмыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін арпалысатын баға жетпес маман", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Серікжан Ерментаев.

Атырау облысына Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаев бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары келгені айтылады. Ал, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмекке еліміздің басқа да аймақтарынан келген дәрігерлер келеді.

Жыл басынан бастап Атырауда қалалық перзентхананы екіншіден үшінші деңгейге ауыстыру жұмыстары жүргізілді, босандыру ұйымдарын күшейту жүргізілді, мұнда ОПО-дан анестезиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог, тәжірибесі бар мамандар келді. Бұл ауруханаға Ақтөбе облысынан екі маман-неонатолог келеді.

"Қалалық перзентхана орталығын жабдықтау - 100 пайыз. Бүгінде қалалық перзентхана күрделі аурулармен ауыратын жүкті әйелдерді емдеуге жатқызуға дайын", - деді Мәншүк Аймұрзиева.

Оның айтуынша, облыстық перинаталдық орталық күшейтіледі. Шығып қалған дәрігерлерді Атырау қаласының басқада мамандары мен еліміздің басқа өңірлерінен мамандар алмастырады. Биыл 26 қыркүйегінен бастап облыста нәресте өлімін азайту бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторингтік топ жұмыс істейді.

"Қазіргі уақытта дәрігер-реаниматологтар, неонатологтар, акушер-гинекологтар келді. Оның ішінде Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева да бар. Сонымен қатар, республикалық орталықтардан келген, олар Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан акушер-гинеколог және анестезиолог-реаниматолог", - деді Аймұрзиева.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың жұмысымен танысып, дәрігерлермен әңгімелесіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, "Ак Жайық" интернет-басылымының журналистері Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбидің өлімінің мән-жайын білген еді. Бас дәрігер мен акушер-гинекологқа қатысты "Адам өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олар 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.