|
16.01.2020 | 15:22
13229

Медициналық сақтандыру: кім қанша төлейді

Бірыңғай жиынтық төлем: қалалар үшін - 1 (АЕК) 2525 теңге, ауылды жерлер үшін – 0,5 АЕК-1263 теңге

Медициналық сақтандыру: кім қанша төлейді

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеніне екі аптадан асты. Екі жыл кейінге шегеріліп барып іске қосылған жаңа жүйеге қатысты туындап жатқан сұрақ көп. Соның ең негізгісі – жарна мәселесіне қатысты. Жұртшылықты мазалаған маңызды сұрақтарға «Әлеуметік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы өкілдері жауап береді.

«Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін қала тұрғындарынан көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Сұрақтардың негізгі бөлігі жарна мәселесіне келіп тіреледі. Азаматтарды қанша жарна төлеуім керек, сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерге сомасы жағынан шектеу бар ма, әскерилер қалай төлейді деген сияқты т.б. сауалдар мазалайды», -  деді Қордың Алматы филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айтуынша, бірінші санатқа мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санат жатады. Бұл тізімге 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернат тәрбиеленушілері, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декреттік демалыстағы аналар, мүгедектер, мүгедек бала күтімімен айналысатындар, студенттер, тергеу изоляторларында отырғандар, жұмыссыз оралмандар жатады. Олардың жалпы саны 11 миллионға жуықтайды.

Одан кейін жұмыс берушілер, жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен өз бетінше төлеушілер деген санаттар бар.

Естеріңізге сала кетсек, жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін 2017 жылдың шілдесінен бастап жарна төлеп келеді. 2020 жылы аталған санат өз қаражаты есебінен әр қызметкердің жалақысынан 2% аударады.  

Қалған санаттардың барлығы жарна аударуға биылдан бастап кірісті. Соның ішінде:

- Жалдамалы жұмысшылар – жалақының 1% (жұмыс беруші айлық жалақыдан ұстап, Қорғау аударып отырады);

- Жеке кәсіпкерлер –  1,4 ең төменгі жалақының 5% (ай сайынғы төлем – 2975 теңге (ЕТЖ – 42 500 теңге) төлейді;

«Сонымен қатар, Алматыда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 50 мыңға жуық адам тұрады. Бұл санатқа жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкер қатарына кірмейтін азаматтар жатады. Мысалы, жеке көлігімен адам таситындар, сүт сататындар, бала күтушісі болып жұмыс істейтіндер, яғни, келісімшарт бекітпей-ақ жеке тұлғаға қызмет ететін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлем төлеуіне болады (БЖТ)», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге де әлеуметтік төлемерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немқалалар үшін есе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген.  

Сонымен қатар, өз бетінше төлеушілер деп аталатын санат бар. Бұл санатқа жататын азаматтар 1 ЕТЖ-ның 5% аударады.

Жарнаны кез-келген екінші деңгейлі банк, «Қазпошта» бөлімшелері, емдеу мекемелерінде орналасқан «Касса 24» терминалдары мен Kaspi мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир