Бұл дүниежүзінде жаһандық және халықаралық мониторинг жүргізетін 4 ірі ұйымның бірі саналады. Оның қатарында Еуропа елдері мен АҚШ бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Біздің ел аталған топқа 2009 жылдары кіруге талпынған. Алайда қоғам дертімен күресуде Заң тұрғысынан жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет болғандықтан енбеген екен. Ұйымға мүше мемлекеттер орташа есеппен жылына 10-15 мың евро төлем жүргізеді. Жемқоролыққа қарсы елдер тобы мемлекет қаржысын жымқырып, шетел асып кеткен азаматтарды ұстауға, жазалауға көмек көрсетеді.
«Кеше Президенттеріңізбен кездестім. Біз Қазақстанның ұйымдағы үлкен рөлі туралы талқыладық. Бірқатар мемлекеттік қайраткерлермен кездесіп, мекемелерге бардым. Жемқорлықпен күресуде коммуникациялық, цифрлық инфрақұрылымы жақсы жабдықталған. Сіздерде бұл қылмыспен күресуді бір агенттіктің міндеті етіп қоймай, басқа органдардың да бірлесе жұмыс істейтіні ұнады», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлуко ЭСПОЗИТО.