Алматы қалалық кардиологиялық орталық қызметіне ентікпесі бар 71 жастағы науқас жүгініп, медициналық тексеруден кейін оған қолқа қақпақшасының айқын стенозы диагнозы қойылып, жедел ота жасалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қолқа стенозы дегініміз - жүрек қақпақшасының тарылуы. Ол арқылы жүректен қан қолқаға еніп, одан әрі бүкіл денеге таралады. Алайда науқастанған адамның органарына қан дұрыс жетпейді. Мұндай диагноз қауіпті саналады.
Науқасқа шұғыл ота жасалып, кеуде қуысын кесусіз феморальды артериядағы кішкене пункция арқылы қолқа қақпағы TAVI отасы барысында ауыстырылды. Отаның бұл түрі хирургиялық араласуды кесусіз және ең аз оңалту кезеңімен жүргізуге мүмкіндік береді. Транскатетерлі қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) - қолқа клапанын ауыстыратын минималды инвазивті шара саналады.
- Ота жергілікті ауырсынуды басу арқылы жасалды, бұл пациенттің ота кезінде есін біліп жатуға мүмкіндік береді. Әрі мидың күйін бақылауға және жедел цереброваскулярлық бұзылыс түріндегі ықтимал асқынудың алдын алуға мүмкіндік берді. Төс сүйегінің кесілмеуі, жасанды қан айналымы қажетсіздігі, минималды жарақат және тез қалпына келу - TAVI отасының негізгі артықшылығы міне осы. Отадан 3 күн өткен соң науқас ауруханадан үйге шығарылды. Ентігу толығымен жойылып, жағдайы айтарлықтай жақсарды, - дейді Қалалық кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиологы Айжан Құланбаева.
Медицинада TAVI оталары маңызды саналады. Өйткені оны денсаулық жағдайына байланысты ашық жүрек отасын жасай алмайтын науқастарға қолдануға болады. Мұндай ота бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар жүрек пен өкпенің ауыр дерті бар егде жастағы науқастар үшін де тиімді. Себебі қарт кісілер жүрекке ашық отаны көтере алмайды.
Оқи отырыңыз: Гидроцефалия: жаңа құрылғымен 8 балаға ота жасалды