Медеу ауданындағы Думан шағынауданында емхана салынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының Медеу ауданында 2023 жылдың соңына дейін медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және кеңейту мақсатында 4 денсаулық сақтау нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтау көзделгенін атап өтті.
Думан шағынауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салу, Алатау шағынауданында мемлекеттік емхана ғимаратын сейсмикалық күшейтумен қайта жаңарту, №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеу (Байжанов көшесі, 107/5), №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу жоспарланған. №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуді қаңтар айында бастау жоспарлануда, қалған үш жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында басталады.
Оқи отырыңыз: Медеу ауданының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі