|
28.06.2022 | 15:25
1294

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ журналистерді марапаттады

Кездесу барысында шағын экскурсия жүргізіліп, бірінші басшы клиниканың, бөлімшелер мен операциялық блоктардың жұмысымен таныстырды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ журналистерді марапаттады

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуге орай журналистермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында шағын экскурсия жүргізіліп, бірінші басшы клиниканың, бөлімшелер мен операциялық блоктардың жұмысымен таныстырды.

Роза Тохтанәлиқызы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстап, жемісті еңбектері үшін ризашылық білдіріп, жаңа идеялар мен шығармашылық жобалардың іске асуына тілектестік білдірді: «Қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте маңызды. Сіздер пайдалы ақпарат көзі бола отырып, тек маңызды оқиғалармен таныстырып қана қоймай, қоғамдық пікірді де қалыптастырасыздар.

«БАҚ өкілдерінің еңбегі өте жауапты. Сіздердің мамандықтарыңыз тек терең білім мен ой-өрісті ғана емес, сондай-ақ азаматтық ұстаным мен талантты талап етеді. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті.

Қездесуге  «Қазақстан» телеарнасы Алматы студиясының бас-редакторы Жазира Бердібекова, «Алматы» телеарнасының үйлестіруші-редакторы Шынар Сатыбалдиева, телеарнаның интернет жобалар бөлімінің басшысы Бауыржан Қарипов, Zakon.kz ақпарат агенттігінің продюссері Думан Қапасов, «Казақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Алма Муқанова, «Baq kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Әділет Мусахаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі Айнаш Есалы, «СТВ» телеарнасының тілшісі Максим Григорьев, «Оптимизм» ақпараттық порталының бас директоры Сергей Сочнев, «Инновации в медицине» журналының жаңалықтар сайты бөлімінің меңгерушісі Алена Щекина, Nur.kz ақпарат агенттігінің журналисі Юлия Абрамова,  агенттіктің фототілшісі Владимир Третьяков, «Жас қазақ» газетірің тілшісі  Макпал Ногайбаева және т.б. қатысты.

Сонымен қатар, ҚазАқпарат тілшісі Алма Мұқанова Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, Baq kz тілшісі Әділет Мұсахаев министрдің Алғыс хатына ие болды.

Журналистер өз кезегінде клиника басшылығына алғыстарын білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир