Дәрі-дәрмекті рецептісіз қабылдаудың қаупі қандай?

BNews.kz
BNews.kz
Баға ережелерін бұзғаны үшін 70-1000 АЕК дейін әкімшілік айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрі-дәрмекті рецептісіз, бақылаусыз қабылдаудың қаупі қандай? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрайымы Людмила Бюрабекова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынтуайтында, дәрі-дәрмекті рецептісіз қабылдау – өте қауіпті. Барлығыңыз мектепте химия пәнін оқыдыңыздар. Дәрі-дәрмек дегеніміз – міне, осы химиялық құрам. Осы препараттар ағзамызға еніп, денеміздегі мүшелермен, тіндермен, сұйықтықтармен химиялық байланысқа түседі. Олар ақыры бүйрек пен бауыр арқылы шығады. Сол себепті, дәрі-дәрмекті қабылдау ең бірінші кезекте дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Сонда ғана жанама реакцияны анықтап, препараттарды ауыстыру немесе оның мөлшерін азайту шаралары қабылданады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін комитет басшысы шілдеден бастап Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек пен медициналық препараттардың бағасын реттеу жөніндегі бұйрығы күшіне енетінін мәлім еткен болатын.

Людмила Бюрабекова атап өткендей, белгілі бір атаулы дәрінің бағасы барлық жерде бірдей болады. Баға ережелерін бұзғаны үшін 70-1000 АЕК дейін әкімшілік айыппұл салынады. Қайталанған заңбұзушылық тіркелсе, фармацевтикалық жұмысты тоқтатуға дейінгі шара қабылданады. Сондай-ақ, рецептілерді жазып беру мен дәріханалардан препараттарды алу жолын жеңілдету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдан бастап барлық өңірге «Қағазсыз аурухана» жүйесін енгізбек.  


Новости партнеров