|
16.03.2024 | 15:32
830

Жүйке жүйесі мен жүректің жұмысын жақсартады: наурызкөженің тағы қандай пайдасы бар

Нутрициолог мамана айтып берді

Жүйке жүйесі мен жүректің жұмысын жақсартады: наурызкөженің тағы қандай пайдасы бар Түркістан облысының мәдениет басқармасы

Қоғамның мәдени-тарихи мұраларға деген ықыласы заман келбетіне тікелей әсер етеді. Мысалы, салауатты тамақтануға көшуге қатысты трендтер тек табиғи ингредиенттер қолданылатын дәстүрлі қазақ тағамдарына деген ықыласты арттырды. Нутрициолог маман Елена Ушанская дәстүрлі тағам Наурызкөже мен құрттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Наурызкөжедегі барлық жеті түрлі тағам бір-бірімен жақсы үйлеседі және бірге пайдалы және қоректік өнім болып шығады.

Бұл тағам жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді және гиповитаминоздың алдын алу мақсатында барлығына ішуге кеңес беріледі, – дейді Елена Ушанская.

Маманның айтуынша, Наурыз көже құрамындағы дәнді дақылдар күш-қуат береді, жүйке жүйесі мен жүректің жұмысына пайдалы әсер ететін В тобындағы дәрумендер көзі болып саналады. Ал ет құрамында толық ақуыз, майлар, темір, мырыш, мыс секілді минералды элементтер, суда және майда еритін дәрумендер бар.

 Бұл тағамның қуырылмайтыны, керісінше қайнатылатыны оны анағұрлым диеталық тағам етеді, – деп толықтырды сарапшы.

Сондай-ақ, ингредиенттер арасында сүт немесе ашытылған сүт өнімдерінің болғандықтан, Наурызкөже – тез бұзылатын тағам, сондықтан оны сақтауға белгілі бір талаптар қойылады. Біріншіден, тағамды сақтау кезіндегі температуралық режим 6С-тан аспауы керек. Екіншіден, бір күннен артық сақтауға болмайды.

Ал Наурыз көжеге жиі қосылатын құртты кальций мен ақуыз концентраты ретінде қарастыру керек. Ондағы ақуыз ағзаға жақсы сіңеді, ал кальций сүйектерді, тіс эмалін нығайтады және жүрек ырғағының электр өткізгіштігін, жүйке импульстарының берілуін жақсартады.

 – Құрттың құрамында көптеген дәрумендер мен минералдар бар және ол ас қорытуға да жақсы ықпал етеді. Бірақ қан қысымы жоғары, бүйрек ауруы, лактозаға төзбеушілігі бар адамдарға құрт жеуге кеңес бермейміз. Өйткені тұздың көп мөлшерінен ісіну пайда болады, – деп түсіндірді нутрициолог.

Елена Ушанская көктемде қалай дұрыс тамақтану керектігін айтты және қатаң диеталар ұстануға болмайтынын, өйткені ағзаға витаминді көптеп қабылдау керегін жеткізді.

 – Сондықтан көктемгі рационды мүмкіндігінше әртүрлі ету керек. Мұнда әрине, Гарвард табақшасы немесе дұрыс тамақтану табақшасы принципін қолдануға кеңес беремін. Сондай-ақ, бағдаршам ұстанымын қосу ұсынылады. Яғни, диетада түрлі түсті тағамдарды, көкөністерді, жемістерді көп қолданып, күнделікті диетаға қосу керек. Осылайша адам табиғи дәрумендерді алады,  –  деп түсіндірді нутрициолог.

Дәрігер-нутрициолог Д витаминінің деңгейін бақылауды, таза ауада көбірек серуендеп, спортпен айналысуға да кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Наурызнама қалай тойланып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир