Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміз бұл мемлекеттің дәрі-дәрмек жеткізушілерімен келісімшартты бұзатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл мәселені Мәжілісте депутат Зарина Қамасова көтеріп, министрлік науқастарды үздіксіз дәрі-дәрмекпен қалай қамтамасыз етпек деген сұрақ жолдаған еді.
«Иә, бүгінгі таңда геосаяси жағдай өте күрделі. Абырой болғанда біз бар препарат пен медициналық бұйымға қажеттілікті өткен жылы конкурс өткізіп сатып алғанбыз. Бүгінгі таңда "СҚ-Фармация" қоймаларына және хабтарға барлық препараттың 50 пайызын жеткізді. Науқастарға қажетті дәрі-дәрмек маусым айының соңына дейін жетеді»,– деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.