Канадада маймыл шешегін жұқтырудың 477 жағдайын растады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша пандемия 39 елге әсер етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Канаданың қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде маймыл шешегін жұқтырудың 477 жағдайын растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, Канаданың Квебек провинциясында - 284, Онтариода - 156, Британдық Колумбияда -29 және Альбертте маймыл шешегін жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Жергілікті билік сынақ нәтижелерінің оң қорытындысын әлі де алып жатқанын хабарлады. Ұлттық микробиология зертханасы маймыл ауруын тудыратын вирусқа диагностикалық сынақ жүргізуде. Зертхана, сонымен қатар канадалық маймыл шешегінің үлгілерінде геномды толық зерттеуін, пациенттің саусақ ізінің кеңейтілген талдауын жүргізіп келеді. 

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарында маймыл шешегі инфекциясын жұқтырудың 767 жағдайы, Бельгияда - 244, Израильде – 11 оқиға тіркелгені хабарланған. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша пандемия 39 елге әсер етті.

Новости партнеров